Қатерлі ісіктен алдыңғы орындамыз

 -Қазір бүкіл әлем бойынша қатерлі ісікке шалдығушылар саны жылдан-жылға өсіп келеді -дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Ғазизов.

Оның айтуынша, күні бүгіндері обыр өлім-жітім саны жағынан жүрек-қан тамыры жүйесінен кейін екінші орынға шыққан. Өткен жылдың өзінде Қазақстан бойынша 181 мың адам қатерлі ісікке шалдыққан. Оның 34 мың 585-іне қауіпті диагноз тұңғыш рет қойылыпты. Ресми деректерге сүйенсек, былтыр қатерлі ісіктен 14 406 қазақстандық көз жұмған. Атырау облыстық онкологиялық диспансерінің мәліметі бойынша өткен жылдың аяғында тіркеуде тұрған барлық обыр дертіне шалдыққандар саны- 3896 адамға жеткен. Ал қатерлі ісік ауруларынан облыс бойынша 405 адам дүниеден өткен. Күні бүгін қатерлі ісіктен Атырау облысы еліміз бойынша алдыңғы орында тұр.

Аяпберген САЛИХОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521