Атырауға көмекке Ресей дәрігерлері келуі мүмкін

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атап айтқанда, облыста тәжірибелі дәрігер, анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог, инфекционист және эпидемиолог сынды 278 маман жетіспейді. ӨҚК-нің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте аймақ басшысы мәселенің шешімін айтты.

- Қазіргі уақытта аталған мәселені шешу үшін бірқатар жұмыстар жүзеге асуда. Нақтырақ айтқанда, Ресейден Атырау өңіріне мамандар тарту жағын қарастырып жатырмыз. Сонымен қатар, биыл оқу бітіретін жас мамандарды өңірге тарту үшін жұмыстар атқарылуда, - дейді Махамбет Досмұхамбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521