Атырау дәрігерлері Алғыс күніне орай челлендж бастады

“Мерекелік шараға өңірдегі 35 медициналық ұйымның қызметкерлері қатысты” деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. ​

"Туған елге мың алғыс!" челленджі өңірде бір апта бұрын басталды. 35 медициналық мекеменің ұжымдары жеті күн ішінде бір-біріне бейне-эстафета беріп, туған еліне, қазақстандықтарға және ақ халатты абзал жандарға алғыс білдірді. ​ Акция ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Алғыс айту күні аясында өтіп, бүгін, 1 наурызда аяқталады.​ ​

- Осы тамаша күні пандемия кезінде жанқиярлықпен өз борыштарын атқарып, жақындарымыз бен туыстарымыздың өмірін құтқарып қалған әріптестеріме үлкен алғысымды білдіргім келеді, - деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521