Атырау облыстық перинаталдық орталықтың провизорында жатқан пациентке екі ота жасалды

Атырау облыстық перинаталдық орталықтың провизорында жатқан пациентке екі ота жасалды, - деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгін COVID-19-ды жұқтырған адаммен жақын байланыста болған жүкті әйелге екі ота жасалды. 33 жастағы науқас Атырау облыстық перинаталдық орталығында қосалқы ауруымен жүктіліктің 36 аптасында жедел жәрдеммен жеткізілген.

Әйелдің денсаулық жағдайына байланысты ақ халаттылар жоспарлы түрде алдымен кесарь тілігі арқылы босандырып алды. Содан соң екінші бригада жатыр мойының қатерлі ісігіне ота жасады. Атырау облыстық перинаталдық орталығының анестезиолог-реаниматолог, акушер-гинеколог пен Атырау облыстық онкологиялық диспансерінің онкогинеколог мамандарының бірлесе жасаған ота 2 сағатқа созылды.

«Әйел перинаталдық орталыққа жүктіліктің 37 аптасында түсті. Пациент салмағы 2,630 келі бойы 49 см қыз баланы дүниеге әкелді. Нәресте мен анасының жағдайы қанағаттанарлық. Отадан кейінгі қарқынды ем қабылдауда. Сәби патологиялық нәрестелер бөлімшесіне ауыстырылды.» дейді Атырау облыстық перинаталдық орталығы директорының міндетін атқарушысы Асқар Кенжеғалиев.

Айта кету қажет, Атырау облыстық перинаталдық орталығының арнайы әзірленген провизорлық бөлімшеcінде 8 жүкті әйелге медициналық көмек көрсетілуде.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика