Атырау облысы Бас санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысына, Атырау облысы аумағында қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.

2. Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы №1 қаулысына сәйкес Теңіз кен орнында карантиндік және шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын.

2.1. «Теңізшевройл» ЖШС, Теңіздегі жедел штаб, мердігерлік ұйымдардың және «Теңізшевройл» ЖШС аумағына қарасты басқа кәсіпорындар басшылары қамтамасыз етсін: 

- вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылар арасында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Атырау облысы әкімдігінің, «Қазмұнайгаз ҰК» АҚ мен «Теңізшевройл» ЖШС уәкілетті өкілдерімен келісілген іс-шаралар жоспарының орындалуын;

- мердігер компаниялармен COVID-19 ошақтарын оқшаулау бойынша нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуін;

- науқастануы симптомсыз өтіп жатқан инфекция жұқтырған науқастарды оқшаулау үшін Теңіз кен орнында қосымша карантиндік орындар ашуды;

3. Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын барлық өнеркәсіптік кәсіпорындар мен компаниялар қамтамасыз етсін:

3.1. Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қолданыстағы 2020 жылғы 25 қазандағы №67, №68 «Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциялардың алдын алу шараларын күшейту туралы» қаулыларының және Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы №1 қаулысының талаптарына сәйкес шектеу және карантиндік шараларды қатаң түрде жүзеге асыруды;

3.2. вахтаға кірер алдында жұмысшыларды орналастыру үшін ұйымдастырылған карантиндік орындарды «Қазақстан Республикасы тұрғындары арасында коронавирустық инфекциялардың алдын алу шараларын күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының №25 қосымшасының талаптарына сәйкес аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен міндетті түрде келісе отырып талапқа сай сәйкестендіру.

4. Атырау облысының тұрғындарына:

- респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық көмек 103-ке қоңырау шалу арқылы үйден медициналық көмекке жүгіну;

- қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып және 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды коспағанда, қоғамдық орындарында, баруға және демалуға арналған орындарда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерін кию міндетті;

- 65-тен асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, сондай-ақ қажетті тауарларды сатып алуды және медициналық мекемелерге баруды қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен шықпауға ұсыныс беріледі;

- барлық облыс тұрғындарына халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, бетперде тәртібін және жеке бас гигиенасын сақтауға ұсыныс береді;

5. Облыс аумағында төмендегі шектеу шараларын енгізу:

Атырау облысының әкімдігі, Атырау қаласының әкімі мен аудан әкімдері қамтамасыз етсін:

5.1 көпшілік іс шараларды (мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, спорттық, білім беру іс-шараларды, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;

- барлық ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, барлық түрдегі ойын аландары (аулаларды қоспағанда), түнгі клубтардың, барлар, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, букмекерлік кеңселердің қызметін, мерекелерді ұйымдастыру бойынша кейтерингтік қызметтер мен қызметтер көрсетуді, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда)қызметін тоқтату;

- мәдени нысандардың, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда кинотеатрлардың, театрлардың және қызметін тоқтата тұру;

5.2. жұмыс уақыты мен режимі бойынша шектеулер:

- коронавирустық инфекцияның алдын алуға және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін эпидемияға қарсы іс-шараларға бағытталған қызметтерді қоспағанда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80%, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің кемінде 50% «қашықтықтан» жұмыс нысанына ауыстыру; «қашықтықтан» жұмыс нысанына бірінші кезекте 50 және одан жоғары жастағы және созылмалы аурушаңдығы бар қызметкерлерді ауыстыру.

- жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу,оффлайн режимде өткізбеу.

- халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі-ХҚКО), оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысын 9.00-ден 18.00-ге дейін ұйымдастыру. Сенбі және жексенбі күндері тоқтата тұру. Карантин шараларын қамтамасыз ету үшін ХҚКО-ға және арнайы ХҚКО-ға бару Egov.kz, телеграмм-бот EgovKZBot 2.0 арқылы алдын ала жазылу бойынша жүзеге асыру;

- мемлекеттік көрсетілетін қызмет орталықтарында мемлекеттік кіріс ғимараттарының жұмыс уақытыкестесін белгілей отырып, ұйымдастырылсын. Карантин шараларын сақтау үшін мемлекеттік кіріс органдарына (Атырау қ. бойынша МКБ-ы www.kgd.gov.kz сайты, E-salyq мобильді қосымшасы арқылы кезекті алдын ала жазылу) немесе қалған өңірлердегі аумақтық басқармалар қоңырау шалу арқылы алдын ала жазылу бойынша халыққа қызмет көрсетулерін ұсынылады;

- балалар түзету кабинеттері, балалардың білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер, балаларға арналған курстар (15 адамнан аспайтын топтар) алдын ала жазылу бойынша жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;

- мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтарындағы (саны 15 баладан аспайтын) жатын бөлмелеріндегі кереуеттер арасындағы қашықтық кемінде 1 метр болуын сақтау;

- медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматологиялық клиникалар, (алдын ала жазылу бойынша) сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;

- халықтың тұруы бойынша қызметтері саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері және т.б.) толуы 80%-дан аспасын;

- діни объектілер (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) бір келушіге 30%-дан аспайтын және кемінде 5 м2 толтырылуын қамтамасыз ете отырып, жұмыс күндері ғана жұмыс істеуге рұқсат етілсін. Көпшілік іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралғылар және т.б.) өткізуге тыйым салу;

- азық-түлік дүкендері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін (азық-түлік өнімдерін сату көкөністер мен жемістерді қоспағанда тек өлшеп-оралған түрде жүргізілуі тиіс);

- күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жексенбіде жұмыс істеуіне тыйым сала отырып, жұмыс күндері сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, сенбіде сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін жұмысына рұқсат ету;

- сауда үйлері мен орталықтары (павильондар, бутиктер), сауда желілері, азық-түлік емес дүкендер жұмыс күндері сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін, сенбіде сағат 09.00 ден 17.00 ге дейін (толтырылуы объект сыйымдылығының 30%-нан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес), олардың ішіндегі азық-түлік, супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Жексенбі күндері жұмыс жасауына тыйым салынады.

- қоғамдық тамақтану объектілеріне сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орын орнатып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын қамтамасыз етіп, бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауы тиіс),фудкорттар тек жеткізу қағидасы бойынша жұмыс жасауға рұқсат етіледі;

- сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер, Ѕра центрлер (салондар) алдын ала жазылу бойынша сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін (объектінің 1 келушіге кемінде 4 шаршы метр);

- фитнес орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, спорт және жаттығу залдары алдын ала жазылу бойынша жұмыс күндері ғана сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі (1 келушіге кемінде 5 ш.м есебінен толтырылуы объект сыйымдылығының 50%-ынан аспайды). Сенбі және жексенбі күндері жұмысты тоқтата тұру;

- моншалар, сауналар, СПА орталықтары, бассейндер алдын ала жазылу бойынша, тек жұмыс күндері 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Сенбі және жексенбі күндері тоқтата тұру;

5.3. қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режим сақталсын. Ата-аналар 3 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі.

5.4. қоғамдық автокөліктің жұмыс режимін біркелкі қозғалыс кестесімен, қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік желіде максималды шығуымен сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін белгілеу;

Соңғы аялдамаларда қоғамдық автокөліктерге күнделікті дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету. Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс.

Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен) кіруге рұқсат етіледі. Жеңіл көліктің (такси) толымдылығы 3 адамнан артық болмауы тиіс.

Жеңіл көлік жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен, қолғаптармен) және антисептиктермен қамтамасыз етілуі тиіс.

6. Атырау қаласы және аудан әкімдері ішкі істер органдарымен бірлесе отырып карантиндік және шектеу шараларының сақталуын бақылау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын жандандырсын, мониторинг кестесіне сәйкес күнделікті тексеруді және облыс әкімдігі мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне ақпарат беруді қамтамасыз етсін.

7. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамтамасыз етсін:

- Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25желтоқсандағы №67 қаулысыныңорындалуын;

- облыс бойынша үйлестіру орталықтарының жұмысын жандандыру, карантиндік іс-шаралардың бұзылуы туралы шұғыл хабарламалардың уақтылы ұсынылуын;

8. Атырау облысының Полиция департаментіне:

- шектеу шараларын сақтау үшін патрульдер ұйымдастырылсын, егер жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе сәйкес еместігі анықталса, Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармаларына дереу материалдар жіберу;

9. Атырау облысының Ішкі саясат басқармасына, Атырау қаласының әкіміне, аудан әкімдеріне:

- бұқаралық ақпарат және әлеуметтік желілер арқылы қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы халықты хабардар ету;

- халық үшін қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы жаднамалар, оның ішінде шұғыл және апат қызметтерінің барлық қажетті байланыстарын көрсете отырып, шектеу іс-шаралары кезеңінде көшелерде қауіпсіздік шараларын, жүріс-тұрыс ережелерін сақтау туралы азаматтарға арналған нұсқаулықтарды жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен бірлесіп әзірлеу;

- облыс тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын оқшаулау және оның таралу қаупін азайту бойынша қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялау жүргізуді қамтамасыз етсін.

10. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қызметті жүзеге асыратын Атырау облысының қалалары мен аудандарының тиісті аумағындағы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдауға құқылы.

11. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 19 желтоқсандағы №71 «Атырау облысының тұрғындары арасында коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алумақсатында карантиндік шараларды күшейту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.

12. Осы қаулының орындалуын бақылауды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Г.А.Ирбатыроваға жүктеймін.

13. Осы қаулы 2021 жылғы 22 қаңтарда сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.

Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Танауов

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика