Атырау облысы «жасыл» аймаққа қайта оралды

Дүйсенбі, 15 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалаудың матрицасы жарияланды.

Атырау облысында өзгеріс болды – өңір "сары" аймақтан "жасылға" ауысты.

Қалған өңірлер түрлі түсті матрицада өз орнын сақтады.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.

"Сары" аймақта: Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары.

Қалған өңірлер "жасыл" аймақта тұр.

Еске салсақ, өткен тәулікте, 14 наурызда, Қазақстанда 1011 адамнан коронавирус анықталды. Вирус жұқтырғандардың дені Алматы қаласында – 342 және Нұр-Сұлтанда – 147.

Атырау облысында 41 адам індетке шалдықты.

sputnik.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521