Атырау облысында 82 мың адам «сақтандырылмаған»

"Биыл 1 қарашадағы жағдаймен өңірдегі сақтандырылмаған азаматтар саны 82 373 адамды құрады" деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Құралбектің ӨКҚ-дегі онлайн брифингте айтқан сөзіне сілтеме жасап.

"Бүгінде Тіркелген халық тіркеліміндегі (РПН) 652 478 азаматтың 82 373 (12,6%) сақтандырылмай отыр. 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2020 жылдың 30 қарашасы аралығында республика бойынша жарналар мен аударымдар 468 млрд. 549 млн. теңгені құрады,- деді спикер онлайн брифингте. Сондай-ақ, Сәбит Құралбек МӘМС арқылы сақтандырылмаған азаматтардың кімдер екенін де атап өтті.

"15 санаттағы жеңілдігі бар азаматтар бірыңғай жиынтық төлем төлеу арқылы 42 500 теңге көмек ақша алды. Ал, Бірыңғай жиынтық төлемді заң бойынша өзін-өзі қамтыған азаматтар төлеуі тиіс болатын. Осылайша жеңілдік санаттағы азаматтар өз статустарын жоғалтып алды. Сонымен бірге, ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 Қаулысына сәйкес шағын және орта кәсіпкерліктің 29 санаты 2020 жылдың 1 қазанына дейін өз қызметкерлері үшін жарна төлемей, тек тізімдерін дерекқорға енгізуі қажет еді. Бірақ, барлығы бірдей тізімді енгізбеуі себепті қызметкерлері сақтандырылмай қалып отыр" деді Сәбит Құралбек.

Филиал директоры жеке секторларда жұмыс жасайтын кейбір азаматтар да ай сайынғы жалақыларын қолма-қол алуы себепті сақтандырылмай отырғанын баса айтты.

Айта кетейік, "сақтандырылмаған" азаматтар емхананың тіркеу бөліміне барып, медициналық сақтандыру туралы кеңес алуына болады.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521