Атырау облысында бір тәулікте 381 адам Covid-19 жұқтырған

Қауіпті инфекцияның таралуы Теңіз кен орнында, Жылыой ауданында байқалып отыр, - деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 381 науқас анықталды.

Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 249 жағдайы расталды.

Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 52 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 30 науқас, Индер ауданында – 10, Исатай ауданында - 10, Қызылқоға ауданында – 9, Құрманғазы ауданында – 8, Мақат ауданында – 4, Махамбет ауданында – 9 адам. Коронавирустық инфекциясы бар 221 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 160 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 84 адам емделді. Қазір 4984 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 200, екінші облыстық ауруханада – 188 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 77, кардиоорталықта – 107, т/ж ауруханасында – 111 адам ем алуда, аудандық инфекциялық стационарларда – 413, облыстық ауруханада – 71, жатақханада – 103, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 381 науқас.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521