Атырау облысында Covid-19 инфекциясының тағы 142 жағдайы тіркелді

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 769 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб.

Штаб ақпаратына сәйкес, індет жұқтырғандардың барлығы - Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің қызметкерлері. Олар кен орнынан тұрғылықты жеріне жету дайындығынан өткен жұмысшылар қатарында. Қазіргі уақытта бекітілген алгоритмге сәйкес, олар инфекциондық стационарға жатқызылды.

Осылайша, Атырау облысында COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 769 адамға жетті. Оның ішінде 689 адам - Теңіз кен орнындағы жұмысшылар. Қауіпті індеттен жазылып шыққандар саны – 174.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521