Атырау облысында індет жұқтырған 29 адам анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 29 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың екеуі Атырау қаласынан тіркелген.

Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 21 жұмысшыдан, Жылыой, Исатай аудандарынан бір, Құрманғазы ауданында 4 адамнан Covid-19 жұқпасы анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың екеуінде ауру симптомды түрде өтуде.

Індет жұқтырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар тіркелмеген.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 36 науқас емделіп шықты.

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері күні бүгінге дейін Covid-19 инфекциясынан Атырау облысы бойынша 11396 адам жазылып шыққан. Қазіргі уақытта 132 адам үй жағдайында емделуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз