Атырау облысында жаңа Бас санитариялық дәрігер тағайындалды

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы қызметіне Мәдениет Танауов тағайындалды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".

М.Танауов 1971 жылы туған, 1997 жылы С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ санитарлық-гигиеналық факультетін бітірген. Бұған дейін ол Орал қаласының бас санитариялық дәрігері болып жұмыс істеген.

Басылым мәліметінше, М.Танауовқа дейін бас санитариялық дәрігер болған Амантай Жұмағалиев бұрынғы қызметіне, Атырау облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары қызметіне оралған.

COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері Атырау облысында сегізінші рет бас санитариялық дәрігер ауысқаны атап өтілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521