Атырау облысындағы қызылша ауруының эпидемиологиялық жағдайы

Атырау облысында 2023 жылдың 2 наурыз – 11 қыркүйек  аралығында алғашқы диагнозы бойынша қызылшаға күдікті 372 жағдай тіркелді (Атырау қаласында – 337 жағдай, Жылыой ауданында – 16 жағдай, Исатай ауданында – 2жағдай, Құрманғазы ауданында- 7 жағдай, Махамбет ауданында – 6 жағдай, Қызылқоға ауданында-2 жағдай, Индер ауданында-2 жағдай)

Олардың ішінде:

  • 269 жағдайда қызылша зертханалық жолмен дәлелденді;
  • 76 жағдайда зертханалық тексеру қорытындысы теріс нәтиже берді;

  27  жағдайда зерттеу қорытындысы жұмыс барысында.     

Санитарлық – эпидемиологиялық тексеру жалғасуда.

Анықтама: Атырау облысында қызылша ауруының соңғы бірден өршуі 2019 жылы тіркелді (774 жағдай).

       Соңғы екі жылдың (2021-2022ж.ж.) қорытындысымен облыс аумақтарында қызылша аурушылығы тіркелген жоқ.

Қызылша – өте жұқпалы антропонозды жіті респираторлық вирустық инфекция.

          Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (CDC) мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта әлемнің әртүрлі аймақтарында қызылшаның таралуының қауіпі бар, себебі  COVID-19 пандемииясынан кейін қызылшаға қарсы вакцинациялаудың және осы инфекцияға эпидемиялық қадағалаудың төмендеуі себеп болып отыр. 2022 жылы қызылша ауруының 155,5 мың жағдайы тіркелген. 2023 жылдың басында қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуі көршілес елдерде де байқалады. (Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және т.б.).

Қазақстан Республикасы географиялық жағынан Еуразиялық контингенттің орталығында орналасқан, халықтың белсенді көшіп – қонуы жағдайында әртүрлі жұқпалы аурулардың таралуына алғышарттар бар.

Ауру ауа - тамшы жолмен таралады, вирус сыртқы ортаға көп жағдайда науқас адам жөтелгелгенде, түшкіргенде және сөйлегенде бөлінетін сілемей арқылы таралады.

Аурудың негізгі белгілері - дене қызуының 38-40°С дейін жоғарлауы, құрғақ жөтел, мұрын бітуі, түшкіру, бастың ауырсынуы, қабақтың ісінуі және конъюктиванын қызаруы, жұтқыншақтын ісінуі,  денеде бөртпелердің пайда болуы (бөртпелер кезектесіп шығады және бірігіп кетуге биім болады).                                                               

Көбіне қызылша ауруынан көз жұмудың себебі аурудың асқынуымен байланысты болады. Ең қауіпті асқынуларға көздің көрмей қалуы, энцефалит (мидың ісінуңне әкелетін инфекция), пневмония сияқты тыныс алу жолдарының инфекцияларын туындатуы мүмкін.

Қызылша инфекциясының алдын алуға бағытталған күрестің жалғыз және тиімді шарасы – бұл вакцинопрофилактика. Облыста балаларды қызылшаға қарсы вакцинациялау қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы біріктірілген вакцина егу арқылы жүргізіледі. Вакцина Дүниежұзілік Денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Вакцина тиімді және қауіпсіз. Вакцинация Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 12-15 айлық жаста, әрі қарай ревакцинациялау 6 жаста жүргізіледі. Вакцинация ақысыз түрде, жергілікті мекенжай бойынша емдеу алдын алу мекемесінде жүргізіледі.

 

Уразгалиев Қадыржан Мақсотұлы

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

 

Сурет: ашық дереккөз

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521