Атырау облысындағы топырақтың санитариялық жағдайы қандай?

 

Топырақтың санитариялық жағдайы -  топырақтың адам денсаулығы мен жануарларға тікелей әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық қасиеттерінің жиынтығы. Топырақты қорғау адамның санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудегі өзекті мәселелердің бірі болып қала береді.

Топырақтың санитариялық жағдайы оның эпидемиялық және гигиеналық тұрғыдағы сапасы мен қауіпсіздік дәрежесін анықтайды.                          

Топырақтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 21 сәуірдегі № ҚР ДСМ -32 бұйрығына  сәйкес жүргізіледі. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық  денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» №360-VI Кодексіне сәйкес Атырау облысында қоршаған ортаның жай-күйі мен адам денсаулығы арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау үшін топырақтың санитариялық-эпидемиологиялық мониторингі жүргізіледі.

Топырақтың жай-күйін қадағалау бойынша 2025 жылдың 5 ай қорытындысы бойынша су тазарту қондырғыларының санитариялық қорғау аймағынан және рекреация аймағынан санитариялық-химиялық көрсеткіштерге 40 топырақ сынамасы, микробиологиялық көрсеткіштерге 40, паразитологиялық көрсеткіштерге 40 сынамалар алынып, зерттеу нәтижесінде сәйкессіздік анықталмады.                                                        

Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда санитарлық ұйғарымдар шығарылады, профилактикалық және дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіледі.                                               

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы Кодексіне сәйкес бақылаудағы объектілер мен қоршаған орта объектілері жай-күйінің көрсеткіштері нашарлаған жағдайларда, санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг нәтижелері басқарушылық шешімдер қабылдау үшін мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына шығарылып отыр.

 

 

А. Искакова

Атырау облысының санитариялық – эпидемиологиялық  бақылау департаменті басшысының орынбасары 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT