Тұмау – бұл кез келген адамның жұқтыруы мүмкін жұқпалы ауруы.
Тұмау тиген адамның қасындағы адамдардың аңқасына енген вирустұмаудың қоздырғышыболып табылады. Адамның көбі тұмаумен бірнеше күн ғана ауырады, бірақ кейбіреулердің жағдайлары одан да күрт нашарлауы мүмкін,өлімге дейін әкелетін аурудың ауыр ағымы болуы ықтимал. Тұмау кезінде созылмалы аурулар күшейеді, сонымен қатар тұмаудың кең ықтимал асқынулары бар: өкпенің асқынуы (пневмония, бронхит). Пневмония көп жағдайда тұмаудан өлім-жітімге әкелетін себеп болып табылады.
Тұмаудың алдын алудың барынша тиімді әдісі вакцинация болып табылады.
Сонымен қатар, тұмаудың алдын алудың мынадай негізгі ережелерін естен шығармаған жөн:
Тұмауға қарсы вакцинациялаудан басқа, тұмаудың және басқа да тұмауға ұқсас аурулардың алдын алудың арнайы емес әдістері де бар. Олар мыналар:
- адам көп жиналатын орындарда және қоғамдық көлікте болу уақытын мүмкіндігінше қысқарту;
- жабық үй-жайларда және адамдар көп жиналған орындарда бір рет қолданылатын бетперделерді пайдалану;
- ауру белгілері, мысалы түшкіру немесе жөтелу белгілері бар адамдармен байланысты мүмкіндігінше шектеу;
- даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін қолды мұқият жүйелі түрде жуу;
- даладан және қоғамдық көліктен келгеннен кейін мұрын қуысын тұзды сумен шаю;
- өзіңіз отырған үй-жайды жүйелі түрде желдету;
- үй-жайға жүйелі түрде ылғалды жинау жүргізу;
- дәрігердің ұсынымы бойынша иммунитет көтеретін препараттарды пайдалану.
Салауатты өмір салтын ұстаныңыз, жақсы тамақтаныңыз және жүйелі түрде дене шынықтырумен айналысыңыз.
Бекешева Әлия Аюпқалиқызы
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы