banner_damu

Атырау облысының әкімі жарақат алған полицейлердің халін біліп қайтты

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыстық ауруханаға барды. Өңір басшысы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен полиция қызметкерлерінің халін білді.

«Соңғы мәліметтер бойынша Атырау облыстық ауруханасына түрлі жарақаттармен 62 адам жүгінген. Олардың ішінде 7-еуі стационарға жатқызылды. Жалпы зардап шеккендердің 42-сі – әскери қызметшілер. Қазіргі уақытта ауруханада жатқан 5 науқастың жағдайы тұрақты, құқық қорғау органының 2 қызметкерінің халі – орташа ауыр», - деп мәлім етті Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев.

Еске салайық, Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді. Коменданттық сағат тәртібінің орындалуын полиция, сондай-ақ арнайы мобильді топтар қадағалауда. Өңірде ахуал тұрақты, жағдай құзырлы органдардың бақылауына алынған.

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау нысандары, балабақшалар, азық-түлік сататын нүктелер штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика