Атырау облысының 193 мыңға жуық тұрғыны COVID-19 қарсы Вакциналардың I компонентімен егілді

1 ақпаннан бастап аймаққа коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың I компонентінің 235 295 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Өңірде халықты жаппай вакцинациялау жалғасуда. Соңғы үш күнде 3 687 адам Covid-19 қарсы вакциналардың I компонентімен егілді.

1 ақпан мен 30 тамыз аралығында Коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың I компонентін 192 979 адам алды.

Екпе алғандар саны бойынша:

- 7 188 медицина қызметкері;

- 13 048 педагог;

- 1 183 полиция қызметкері;

- 4 702 студент;

- Жабық мекемелердің 978 қызметкері;

- құқық қорғау органдарының қызметкері - 3 590;

- 2 511 мемлекеттік қызметші;

- Созылмалы аурулары бар 12 644 адам;

- Өңірдің 147 135 тұрғыны.

1 ақпаннан бастап аймаққа коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың II компонентінің 182 720 дозасы жеткізілді. 30 тамыздағы мәліметтер бойынша 139 279 адам вакциналардың толық кешенін алды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT