Атырау облысының әкімі екпенің екінші компонентін алды

Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұханбетов Атырау қаласындағы «Геолог емханасына» барды.

Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ержан Төлек әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады.

"Онда Қарағанды фармацевтика зауытында шығарылған коронавирусқа қарсы "Спутник-V" вакцинасының екінші компонентін салдырды. Вакцинадан кейін жарты сағат арнайы бөлмеде мамандар бақылауында болды. Одан кейін бірден жұмысына оралды. Жағдайы жақсы, екпенің ешқандай жанама әсерлері байқалмады" делінген жазбада.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521