Атырау «қызыл» аймақтан шықты ма?

Бұл туралы ATPress.kz Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Департаменттің 29 наурыздағы көрсеткішіне сүйенсек, Атырау облысы әлі «қызыл» аймақта. Тәуліктегі жағдайға тоқталар болсақ, Атырау қаласында қауіпті дертке шалдыққан 39, Теңіз кенішінде 26, Құрманғазы ауданында 6, Исатай ауданында 2, Жылыой және Индер аудандарында 1 адамнан инфекция анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған 20 науқаста ауру симптомды түрде өтуде.

Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 78 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 288 адам үй жағдайында емделуде. Модульдік стационарда 139, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 26 адам ем қабылдауда. Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 245 адам ем қабылдауда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521