banner_damu

Атырауда 14 адамда ауру белгілері анықталды

COVID-19 жұқтырған 8 адам Құлсары қаласы, Жылыой ауданында тіркелді.

Олардың үшеуі 1994, 1989, 1966 жылы туған ер адамдар және бесеуі 1968, 1997, 1993, 2003, 1972 жылы туған әйел адамдар. Олар инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және скринингтен өткен кезде анықталған, және денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке жүгінген.

Ал тағы 6 жағдай Атырау қаласынан тіркелді. Олар 1976, 1986, 1992, 2000, 1951 жылы туған ер адамдар және 1998 жылы туған әйел адам. 2 адам денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке жүгінген, ал қалғаны COVID-19 скрининг өту кезінде анықталған және инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

15.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1324 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны - 986.

Сурет: ашық дереккөзден

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика