Атырауда 400 орындық инфекциялық стационар ашылады

Медициналық мекеменің барлық бөлімі басқа ауруханаларға ауыстырылатын болады, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Бұл туралы бүгін облыстық ауруханада өткен пресс-тур барысында белгілі болды.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың айтуынша, бүгінде облыстық ауруханада 120 провизорлық орын, кардио орталықта 70 провизорлық кереует бар. Сонымен қатар, Геолог емханасында 100 провизорлық кереует дайындалуда.

- Қалалық және қала маңындағы емханаларда 267 провизорлық орын ашу жоспарлануда. Мұнымен қоса, біз облыстық ауруханадағы бөлімшелерді басқа медициналық мекемелерге өткізіп, онда 400 орындық инфекциялық стационар ашуды көздеп отырмыз, - деді Бақытгүл Хаменова.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында «пневмония» диагнозымен 321 науқас тіркелген. Оның 82,3 пайызы медициналық мекемелерге жатқызылды.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21