Атырауда 79 медицина қызметкеріне 2 млн. теңгеден үстемақы төленді

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз-қызметінің хабарлауынша, бұл наурыз бен тамыз айлары аралығын қосқандағы көрсеткіш. ⠀

«Облыс бойынша, коронавирус және вирустық пневмония жұқтырған медициналық қызметкерлер саны - 1085. Оның ішінде, коронавирус жұқтырған 561, вирустық пневмония диагнозымен 524 медициналық қызметкер тіркеуге алынды. ⠀

Бүгінгі күні 79 медицина қызметкерінің әрқайсысына 2 миллион теңгеден үстемақы төленді. Көз жұмған екі медицина қызметкерінің отбасының әрқайсысына 10 миллион теңгеден берілді. Бұл бағыттағы жұмыс арнайы комиссияның отырыстарында жалғасады» дейді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров. ⠀

Еске сала кетелік, пандемия салдарынан Атырау облысында 13 медициналық қызметкер көз жұмды. Оның алтауы коронавирустан, жетеуі вирустық пневмония салдарынан өмірден озды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521