Атырауда алғаш рет сал ауруының ауыр түрімен ауыратын балаларға арналған күндізгі орталық ашылды

2021 жылдың 29 қазаны Атыраудың кішкентай «ерекше» тұрғындары үшін шын мәнінде шексіз мүмкіндіктер күні болды.

Атырауда сал ауруының ауыр түрімен ауыратын балаларға арналған қаладағы алғашқы күндізгі орталық өз есігін ашты. Күні бойы балалар мен жасөспірімдер оңалту және түзету-педагогикалық көмекті толық көлемде алатын болады.

Бұл ашылудың бастамашысы және ұйымдастырушысы «Жан-Еркемай» қоғамдық қоры болды, оның басында ерекше қажеттіліктері бар баланы тәрбиелеп отырған ана Әлия Құбаева тұр.

«Отбасымызбен Нұр-Сұлтанда біраз уақыт тұрдық, қызымыз осындай орталыққа аптасына 5 рет келді, ол таңертеңнен кешке дейін 5 рет тамақтанумен болды, сол жерде түзету-педагогикалық көмек пен физикалық оңалту алды. Біз туған қаласы Атырауға көшкенде, осы жерде осындай орталық құру туралы шешім қабылдадым. Осы мақсатқа жету жолында мені көптеген мейірімді адамдар қолдап, көмек көрсетті. «Теңізшевройл» (ТШО) компаниясының қаржылық қолдауымен «әлеуметтік бағдарламалар мен инновациялар қоры» және «Орталық Азияның Еуразия Қоры» жүзеге асыратын «Жарқыра» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы басты көмек болды», - дейді «Жан-Еркемай» ҚҚ директоры Әлия Құбаева.

«Жарқыра» бағдарламасы аясында Әлия Құбаева екі ай бойы қажетті бизнес-оқудан өтті, бизнес жоспар әзірледі және Нұр-сұлтан қаласында 3 000 000 теңге көлемінде грант алды және тәжірибе алмасты.

Грант қаражатына ЛФК залы, сенсорлық бөлме және тұз шахтасы жабдықталды. Бұл орталықтың басқалардан ерекшелігі, ол сал дертінің ауыр түріне шалдыққан балаларды қабылдауды жоспарлап отыр. Сал дертімен ауыратын балаларға арналған балабақша жұмыстың бірінші кезеңінде ауыр және ауырлығы орташа нысандарымен 30 балаға өз есігін ашуға дайын.

3 жастан 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер аптасына 5 күн күтім мен қамқорлық, кешенді оңалту және педагогикалық, түзету көмегін ала алады, тұрмыстық бағдарлауды, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын және жеке гигиена дағдыларын үйренеді.

«Корпоративтік жауапкершілік аясында ТШО Атырау облысы тұрғындарының әлеуметтік мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Өңірде осындай проблемалардың бірі ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін инклюзивті білім берудің қолжетімділігі болып қалуда. Облыста өңірде инклюзивті білім беруді дамытуға өз үлесін қосуға дайын қоғамдық бастамалар санының өсіп келе жатқаны қуантады. Алияны құттықтап, алдағы жұмысына табыс тілеймін», - деді ТШО-ның мүдделі тараптарды қатынас жөніндегі менеджері Ботагөз Құлшаева.

Үй-жайды «Жан Еркемай» Қоры қала әкімдігінен алды. Сонымен қатар, астаналық «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоры «Samruk Kazyna Trust» қорының қаржылық қолдауымен сал дертінің ауыр түрлерімен ауыратын балаларға қолжетімді Бочча ойынымен айналысу үшін зал жабдықтады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521