Атырауда ауыл тұрғындарының вакцина алуы үшін тегін әлеуметтік пойыз іске қосылды

«Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов арнайы барып, көрген «Дені саудың - жаны сау» әлеуметтік пойызының "Сағыз - Атырау» бағытындағы тасымалы «Атырау - Құрманғазы» бағытында да қатынайтын болады" деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қызылқоға ауданына жұмыс сапары аясында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Сағыз стансасынан жолға шыққан тегін тасымал пойызының вагондарын көріп шығып, жолаушыларға сәт сапар тіледі.

«Бұл - тұрғындардың екпе алуына жағдай туғызу мақсатында ұйымдастырылып отырған бастама, өйткені індетпен күресудің бірден-бір жолы вакцина алу» деп атап өтті Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Жолаушылардың кейбірі екпені алғаш алғалы жатса, енді бірі екпенің екінші компонентін салдырмақшы.

Қызылқоға ауданының құрметті азаматы Байғали Досымбаев арнайы пойыз арнап, екпе алуға жағдай жасап жатқан облыс басшылығына ризашылығын білдірді.

«Бұған дейін қан қысымым болған соң екі рет екпе ала алмап едім, кейін бала-шағамыздың денсаулығы үшін отбасымызбен екпе алдық. Балаларымызға да үнемі айтып отырамыз. Оның үстіне қазір әлеуметтік желілер арқылы да теріс түсінік қалыптастырып, халықтың арасын екіге бөліп қойып отырғандар бар. Жалған ақпараттарға да тоқтам болуы керек» дейді Байғали Досымбаев.

Тегін тасымалдау акциясы «Атырау - Сағыз» бағытымен бірге, «Атырау - Құрманғазы» бағытында да жалғасады.

Жоба Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан темір жолы» АҚ-ы бастамасымен іске асуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT