Атырауда балалардың жаппай ауырып жатқаны рас па?

Әлеуметтік желілерде тараған Атырауда балалар арасында жедел ішек ауруы, диарея көбейді делінген ақпарат шындыққа жанаспайды,- деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта елдегі пандемия жағдайына байланысты №2 Атырау облыстық ауруханасы "COVID-19" жұқтырған науқастарды ғана емдейді.

Аталған ауруханадағы «Жұқпалы аурумен ауыратын балалар» бөлімшесі уақытша Атырау облыстық балалар ауруханасына эпидемиологиялық стационар ретінде ауыстырылды.

Сол себепті инфекциялық жұқпамен ауырып келген балаларды Атырау облыстық балалар ауруханасы қабылдауда.

Атырау облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрқабыл Айтмұханбетовтың айтуынша, биылғы жылдың 1 тамызынан 4 қыркүйекке дейінгі аралықта облыстық балалар ауруханасынан 62 науқас емделіп шықты.

"Өткен жылда дәл осы кезеңде жұқпалы аурумен 208 науқас қабылданған. Биылғы жылы 146 науқасқа төмен. Әлеуметтік желіде балалар арасында диарея тарады деген ақпарат жалған,- деді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрқабыл Айтмұханбетов.

Сурет: ашық дереккөзден

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика