Атырауда бір тәулікте 1186 тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алды

Өңірде халықты covid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

14 сәуірдегі мәлімет бойынша, "Спутник V" вакцинасының I компонентін 1186 адам алды. Оның ішінде 30 медицина қызметкері, 33 педагог, 51 полиция қызметкері, 3 студент, 49 құқық қорғау органдарының қызметкері, 18 мемлекеттік қызметші, 34 созылмалы аурумен ауыратын және 968 жергілікті тұрғын бар.

1 ақпан мен 14 сәуір аралығында "Спутник V" I компонентімен 11235 адам вакцинацияланды. II компонентпен 2893 адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуірде Атырау облысында халықты жаппай вакцинациялау басталды. Атырау облысының әрбір тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы өз еркімен екпе ала алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға өтінішпен баруы қажет. 9 сәуірде аймаққа "Спутник V" вакцинасының 8 мың дозасы жеткізілген болатын.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика