Атырауда бір тәулікте 603 тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алды

Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

19 мамырдағы мәлімет бойынша, "Спутник V", "QAZVAC" және "Hayat-Vax" вакциналарының I компонентін 603 жергілікті тұрғын алды. Оның ішінде 53 медицина қызметкері, 27 педагог, 10 полиция қызметкері, 14 студент, 1 жабық мекеменің қызметкері, 21 құқық қорғау органдарының қызметкері, 7 мемлекеттік қызметкер, 2 созылмалы аурумен ауыратын адам, 468 жергілікті тұрғын бар.

1 ақпан мен 20 мамыр аралығында "Спутник V", "QAZVAC" және "Hayat-Vax" вакциналарының I компонентімен 46 959 адам вакцинацияланды. Вакциналардың II компонентімен 16 856 адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлығы 31 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті жұмыс істейді.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521