Атырауда Covid-19 індетінің 15 жаңа жағдайы тіркелді

Өткен тәулік ішінде өңірде Covid-19 індетінің 15 жаңа жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Жедел штаб.

Қауіпті дертке шалдыққандардың барлығы - Теңіз кенішіндегі жұмысшылар. Инфекция 14 ер адам мен 1 әйелден міндетті скринингтік тексеріс кезінде анықталған.

Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық стационарға жатқызылды, оларға алгоритмге сәйкес ем жүргізілуде.

Сондай-ақ, ауру ошақтары мен байланысушы тұлғалар анықталу үстінде.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында КВИ жұқтырғандар саны 959 адамға жетіп отыр. Ал, жазылып шыққандар саны - 262.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT