Атырауда COVID-19 инфекциясын жұқтырған 12 адам анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 12 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 7-еуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен - 2 жұмысшыдан, Қызылқоға- 2, Исатай ауданынан бір адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Коронавирус жұқпасымен науқастанғандардың 6-ында ауру симптомды түрде өтіп жатыр.

Өткен тәулікте Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында ем алып жатқан және үй жағдайында емделген 10 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 134 адам үй жағдайында емделуде. Ал, облыстық инфекциялық стационарда 31 науқас, аудандағы инфекциялық стационарда 4, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 35 адам ем қабылдауда.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика