Атырауда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме?

Облыстың медициналық ұйымдарында қажетті дәрілердің, оның ішінде коронавирусқа қарсы препараттардың қоры жеткілікті, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Өңірдің дәріханалар желісіндегі дәрілік заттардың төмендемейтін қорын қамтамасыз ету үшін «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы аса қажетті 40 түрлі дәрілік заттар сатып алынған. Бүгінде олардың біразы облыстың 164 дәріханасына жеткізілсе, қалғаны тұрақтандыру қорының қоймасында сақтаулы.

- Бүгінде облыста 3 айға дейін азаймайтын қор жасақталған. Оған қоса демеушілік көмекпен дәрілік заттардың 9 атауы бойынша дәрі-дәрмек жеткізілді. Медициналық маскалар мен бір реттік қолғаптар да жеткілікті, - деп нақтылады облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асхан Байдуәлиев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз