Атырауда дәрігерлер салмағы 810 грамм шақалақты құтқарып қалды

«26 аптасында дүниеге келген сәбидің оқиғасымен бақытты ана Айзада Қайратова бөлісті» деп хабарлайды ATPress.kz.

«Қатты толғақ қысып, 26 шілде күні Атырау облыстық перинаталдық орталығына түстім. Қызым 27 шілде күні түнгі сағат он шамасында 800 грамм салмақпен өмірге келді. Босанған соң қызымды неанотолог реанимацияға алып кетті. Содан көз ілместен келесі күні таңмен реанимацияға бардым.

Толған аппараттар, мониторлардың ортасында ваккумда жатқан қызымды көргенде көзіме жас келді. Қызым жүннен тоқылған киімдерге оранып жатты. ИВЛ аппаратына қосылған, аузында зонт. Менің көз жасымды көрген дәрігерлер «бала анасын сезеді, жылама. Жақсылықтан үмітіңді үзбе» деп сабырға шақырды.

Өзімді қолға алып, бірнеше құжаттарға қол қойдым. Қызым ұзақ уақыт ИВЛ аппаратында, кейін маскамен жатты. Сол реанимацияда қызымды қырқынан шығардық.

Санап отырсам қызым реанимацияда 65 күн жатқан екен. Сол уақыттан бері тура 1 жыл өтті. Қызым қазір бір жаста. Ясинам қазір еңбектеп жүр. 4 тісі бар. Ақылды бала болып өсіп келеді. Ең қиын күндерде жанымнан табылып, Ясинамның өмір сүріп кетуіне ықпал еткен, қамқорлық танытқан Атырау облыстық перинаталдық орталығының емдеуші дәрігерлеріне шынайы алғысымды білдіремін» дейді бақытты ана Айзада Қайратова.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

 



ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521