Атырауда демалыс күндері 812 тұрғын коронавирусқа қарсы екпе алды

Өңірде халықты Сovid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

15 және 16 мамырдағы мәлімет бойынша, "Спутник V", "QAZVAC" және "Hayat-Vax" вакциналарының I компонентін 812 жергілікті тұрғын алды.

2021 жылғы 1 ақпан мен 17 мамыр аралығында 44707 адам "Спутник V", "QAZVAC" және "Hayat-Vax" вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентімен 14486 адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде барлығы 36 стационарлық және 10 жылжымалы вакцинация пункті жұмыс істейді.

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521