«Атыраулық облыстық балалар ауруханасы энергетикалық кәмпиттен уланған он жасар баланы құтқарып қалды» деп хабарлайды Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы.
19 желтоқсан күні кеші сағат 19:30 шамасында балалар ауруханасының қабылдау бөліміне ес-түссіз, ауыр халде 2009 жылғы ер бала жеткізілді. Баланы жедел жансақтау бөліміне жіберіп, асқазанын тазалаған.
«Бала бір сағат шамасында есін жиып, жан-жағын тани бастады. Келесі күні науқас педиатрия бөліміне ауыстырылды. Баланың айтуынша, сабақтан шыққан соң 7-8 энергетикалық кәмпитті сатып алып, бірден жеп қойған. Содан кейін өл өзін жайсыз сезінген. Әрі қарай не болғанын айта алмады. Қазіргі баланың жағдайы жақсы, үйіне жіберілді» деді басқарма.