Атырауда итке таланған бала ауруханадан шықты

Атырау облыстық балалар ауруханасында ем қабылдаған екі жасар сәбидің жағдайы жақсарды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атырау облыстық балалар ауруханасының дәрігер-травматологы Жақсылық Мағзомовтың айтуынша, 2 жасар бала аурухананың жарақат бөлімінде апта бойы ем алды.

«Таңылған жара орындары жазылған соң, тігістерін алдық. Баланың бас сүйегін компьютерлік томографияға түсірдік. Қазіргі уақытта бала үйінде. Хирургиялық өңдеу орындарына үй жағдайында анасы күтім жасап тұрады. Учаскелік дәрігердің бақылауында болады» деді емдеуші дәрігері Жақсылық Мағзомов.

Еске сала кетелік, Атырау қаласына қарасты Жұлдыз ықшамауданынан 2018 жылы туған баланы ит талаған. Сәби дереу ауруханаға жеткізіліп, 18 қараша күні сағат 16.00-де 2 жасар бала Атырау облыстық балалар ауруханасының жарақат бөліміне анасымен бірге жатқызылған болатын.

Сурет: ашық дереккөзден

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика