Атырауда коронавирус инфекциясынан Теңіз кенішінің бес жұмысшысы сауығып шықты

"Атырауда коронавирус инфекциясынан сауығып шыққандар саны 165 адамға жетті" деп хабарлайды Шұғыл штаб.

Сауығып шыққандар Теңіз кенішінің бес жұмысшысы: төрт ер адам және бір әйел адам. ​

"Коронавирус инфекциясымен бірге, бес науқастың барлығынан өкпенің қабыну дерті қоса пайда болды. Сол себепті, олардың жағдайы орташа деңгейде ауыр деп бағаланған еді. Десе де, дәрігерлердің қажырлы еңбегінің нәтижесінде ауруды жеңу мүмкін болды. Бүгінде емделушілерден коронавирусқа тапсырылған бақылау тесті нәтижесі қатерлі дерттің беті қайтқанын көрсетті. Емделушілер инфекциондық стационардан шығарылды" деп нақтылады Штаб.​

Айта кетелік, вирусты жеңіп шыққандар 36, 37, 23, 42 жастағы ер адамдар және ​ 54 жастағы әйел адам.​

17 ​ мамырдағы кешкі уақыттағы жағдай бойынша, Атырауда коронавирус инфекциясынан сауығып шыққандар саны 165 адамға жетті.​

Cурет: ашық дереккөзден

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика