Атырауда коронавирус жұқпасымен ауырып жатқан бала жоқ

Пандемия кезінде Атырау облыстық балалар ауруханасында жоспарлы ем алғандар ішінен алпысқа жуық баладан коронaвирус жұқпасы анықталды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

«Коронавирус жұқпасы анықталған алпысқа жуық баланың 18-інде «covid-19» жұқпасының симптомы болған.  Оның 13-і дер кезінде Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырылды. Бес  балада «covid-19»  жұқпасымен қоса туабітті және созылмалы ауруы болғандықтан балалар ауруханасында емделді.  Қалған қырықтан астам  балада коронaвирустың симптомсыз түрі анықталғандықтан, оларды жергілікті емхана дәрігерлері бақылауда ұстады.

Қазіргі уақытта балалар сау, сынама нәтижесі "теріс" көрсетіп отыр. Қазір коронавирус жұқпасымен ем алып жатқан бала жоқ»  деді Атырау облыстық балалар ауруханасының  дәрігері Айгүл Сүндетова Атырау облыстық коммуникациялар орталығында өткен брифингте.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521