Атырауда коронавирустың асқынған түрімен 16 науқас ем алуда

"Атыраудың модульдік жұқпалы аурулар ауруханасында 16 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың 5-еуі өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған" деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Биылғы жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімінде 16 адам бар. Оның ішінде 12 адам ауыр халде, 4 адам өте ауыр халде.

- Олардың сегізі 65 жасқа дейін, тағы 8 науқас 65 жастан асқан. 16 адамның бесеуі ӨЖЖ аппараттарына қосылған. Барлық ауыр науқастар Денсаулық сақтау басқармасының ерекше бақылауында. Сондай-ақ күн сайын Нұрсұлтан қаласының Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы жанындағы республикалық ахуалдық орталық мамандарының, сондай-ақ республикалық орталықтардың бейінді мамандарының консультациялары өткізіледі.

Айта кетейік, 2021 жылдың 20 наурызында Наурыз мерекесіне дейін реанимацияда 11 адам болған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз