Атырауда МӘМС есебінен 63025 балаға стоматологиялық көмек көрсетілген

Стоматологиялық көмек отандық денсаулық сақтаудың сұранысқа ие бағыты және де медициналық көмектің ең қымбат қызметтерінің бірі болып саналады.

Өкінішке орай, мамандар ұсынғандай, алдын-алу мақсатында тіс дәрігеріне баруды барлық адамның жағдайы көтере бермейтіндіктен, әрдайым қолжетімді емес. Мүмкін, сондықтан да Қазақстанда балалар тісжегісі бойынша статистика қарқынды өсуде.

          Ресми мәліметтер бойынша, балалардың 82% - ында тіс ауруы бар. Көбінесе ата-аналар балаларды тіс дәрігеріне ауыз қуысының аурулары асқынған кезде әкеледі.

Мұндай көрініс көптеген ата-аналардың тегін жоспарлы профилактикалық тексерулер мен қажет болған жағдайда тегін емдеуді, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі барлық балалар үшін шұғыл көмек көрсетуді көздейтін МӘМС пакетінің мүмкіндіктері туралы білмейтіндігінен де туындайтын шығар. Естеріңізге сала кетейік, халықтың бұл санаты жеңілдікті санатқа жатады және олар үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдарды мемлекет төлейді. Сондықтан әрбір бала 18 жасқа толғанға дейін автоматты түрде «сақтандырылған» мәртебесін алады.

«Атырау облыстық балалар стоматологиялық емханасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны  2022 жылдың 8 айында 18 жасқа толмаған 63025 науқасқа қабылдау жасап, стоматологиялық көмектер көрсетілген. Емханада балаларға хирургиялық, терапевтік, ортодонтиялық, тістехникалық, рентгендиагностикалық  қызмет түрлері көрсетіледі. Көрсетілген қызметтің барлық түрлері 2022 жылы толықтай МӘМС тарапынан қаржыландырылған. 2022 жылдың 8 айы ішінде көрсетілген барлық қызмет саны – 135 693. Емхана  жасалған шарт бойынша жоспарлы түрде алдын-ала қараумен қамтиды, яғни скрининг жасындағы балаларды стоматологиялық  аурулардың алдын-алу тексеруінен өткізеді. Ағымдағы жыл ішіне емхана скрининг жасындағы балаларды стоматологиялық  аурулардың алдын-алу үшін барлығы 7785 баланы тексеруден өткізді», - дейді Атырау облыстық балалар стоматологиялық емханасы КМҚК директоры Нұргүл Намазғалиева.  

Сонымен қатар ол ағымдағы жыл ішінде Атырау облыстық балалар стоматологиялық емханасында жоспарлы түрде жасалған оталар саны – 559 отаны құрағанын, іштей туа біткен ерін, қызыл иек, қатты және жұмсақ таңдай жарығымен 18 жасқа толмаған барлығы - 359 науқас «Д» есепке тіркеліп, 94 балаға  МСЭК-ке анықтама берілгенін де атап өтті.  

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін іске қосу балалар мен жүкті әйелдерге жоспарлы стоматологиялық көмек алуға мүмкіндік берді, ал шұғыл жағдайларда оған зейнеткерлер, көп балалы аналар, мүгедектер, оларға күтім жасайтын жұмыссыздар, АӘК алушылар, сондай-ақ белгілі бір аурулармен есепте тұрған пациенттер сенім арта алады.

Сондықтан, егер сіздің балаңызға тіс дәрігерінің көмегі қажет болса, сіз өз емханаңызға немесе Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының әлеуетті жеткізушісі болып табылатын жеке стоматологиялық клиникаға бірден жүгіне аласыз.

         Сонымен, қандай жағдайда сізге өз қалтаңыздан төлеудің қажеті жоқ?

  • рентген-сурет үшін;
  • тісті жансыздандыру және жұлу, сондай-ақ пломба салу үшін;
  • абсцесстерді ашқаны, пульпит пен периодонтитті емдегені үшін;
  • гипоплазия, флюороз кезінде тістің анатомиялық пішінін толық функционалды қалпына келтіргені үшін;
  • еріндер мен тіл жүгеншегінің пластикасына;
  • жақ-бет аймағының туа біткен патологиялары және таңдайдың бөлінуі (қасқырдың аузы) болған кезде ортодонтиялық қызметтер үшін.

Қосымша ақпарат алу үшін Сіз әрдайым қолжетімді ресми байланыс арналары арқылы хабарласа аласыз: 1406 байланыс орталығы, "Qoldau 24/7" мобильді қосымшасы, www.fms.kz Қордың сайты, Telegram-дағы Saqtandyry-bot.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ

Атырау облысы бойынша филиалы

Телефондар: 87122/556084, 8/7122/ 55 60 92.

Байланыс орталығы – 1406

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521