Атырауда ревакцинация қараша айының соңында басталады

Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Ревакцинация – бұл вакцинацияның бірінші және екінші компонентінен кейін алатын доза. Яғни, сіз коронавирусқа қарсы екпенің алғашқы екі дозасын аласыз, содан кейін үшінші компонентін алуыңыз керек (иммунитетті нығайта түсу үшін). Бұл – ревакцинация деп аталады»,- делінген басқарма таратқан мәліметте.                          

Бүгінгі таңда елімізде коронавирусқа қарсы екпенің екі түрімен вакциналау жүруде: векторлық және инактивацияланған. Вектор – «Спутник V», ал қалғандары белсенді емес. Векторлық вакцинаны алған адамдарға тоғыз айдан кейін белсенді емес, яғни Vero Cell немесе QazVac алу ұсынылады.          

Ал кез-келген белсенді емес вакцинаны алғандарға алты айдан кейін «Спутник V» векторлық вакцинасы егіледі.                                                              

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT