Атырауда резервтік кереуеттер коронавируспен ауырған науқастарды қабылдауда

«Атырауда эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады, соңғы аптада науқастар саны 45 есеге көбейіп отыр» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық фтизиопульмонологиялық орталығы, ковид бөлімшесінің меңгерушісі Гүлжанат Бекболатованың айтуынша, 19 қаңтардағы жағдай бойынша мұнда 25 науқас коронавирустан ем қабылдауда.

«Күніне 3-4 науқастан түсуде. Бөлімшедегі төсектер орталықтандырылған оттегі желісімен қамтамасыз етілген. Екі науқастың жағдайы ауыр. Себебі, олардың қосымша созылмалы аурулары да бар» дейді емдеуші дәрігер Гүлжанат Бекболатова.

Еске сала кетелік, 11 қаңтардан бастап Атырау облысы коронавирустың таралу деңгейі бойынша «қызыл аймаққа» енді. Орташа есеппен Атырауда тәулігіне 500 науқас тіркелуде. Соңғы тәуліктің өзінде қатерлі инфекцияны Атырауда 556 адам жұқтырды.

Бұған дейін хабарланғанындай, коронавиус инфекциясының өршуіне байланысты, облыстың негізгі медициналық мекемелері базасында 1780 резервтік төсек-орын жабдықталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521