Атырауда жедел жәрдем бекетінің маманы пневмониядан көз жұмды

Кеше, 10 шілде күні коронавирус бригадасында қызмет еткен 48 жастағы фельдшер екіжақты пневмониядан көз жұмған, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

ӨКҚ-де өткен онлайн-брифинг барысында Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров бұл қайғылы жағдай медицина қызметкерлері үшін өте ауыр тигендігін айтты.

9eb66d7d-8511-4764-8b8e-07567595953d

- Расында, өңірімізде қауіпті дерттен медицина қызметкерінің қайтыс болған жағдайы тіркелді. Коронавирус бригадасында жұмыс істеген марқұм әріптесіміздің жанұясына, ағайын-туыстарына көңіл айтамын. Орын алған оқиға барлығымызға да ауыр тиді. Әсіресе, медицина қызметкерлері үшін. Осы ретте, қанша қиын болса да жұмыстарын белсенді атқарып келе жатқандары үшін медицина қызметкерлеріне басымды иемін және өңірдегі денсаулық сақтау басқармасының басшысы ретінде алғыс білдіремін, - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Сонымен қатар, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова да қауіпті індетке шалдығып, көз жұмған науқастардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

- Өкінішке қарай, кеше бір фельдшер маманымыз көз жұмды. Бұл орны толмас қаза. Өйткені, біз үшін әрбір дәрігердің орны маңызды. Тек бұл жағдай ғана емес, өкінішке қарай, қазақтың белгілі азаматтарының да осы індеттен көз жұмып жатқанын көріп отырсыздар. Осы ретте Атырау облысы әкімшілігінің атынан аза тұтып отырған барлық жанұялардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз, - деді Бақытгүл Хаменова.

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21