Атырауда жедел-жәрдем стансысындағы көліктер 100 пайызға жаңартылды

«Бүгін облыстық медициналық жедел-жәрдем стансысы тағы 20 медициналық көлікпен толықты. Осылайша, өңірдің медициналық жедел жәрдем стансысындағы көліктер 100 пайызға жаңартылды» деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Облыстық жедел-жәрдем стансысының директоры Бауыржан Төлегеннің айтуынша, жаңа көліктер «ҚДБ – лизинг» есебінен алынған.

bauirjan13

- Жеткізілген автокөліктердің үшеуі аудандарға жіберілетін болса, қалған 17-сі қалалық жедел-жәрдем стансысына беріледі. Бүгінде облыс көлемінде тәулігіне 700-750 шақырту келіп түсуде. Пандемия өршіген тұста қоңыраулар саны 1700-ге дейін жеткен болатын, - дейді Бауыржан Төлеген.

Қазір стансада жаңадан келген 66 жедел жәрдем медициналық көлігі бар. Оның 20-сы бүгін беріліп, 46-сы өткен жылы келді. Атап айтқанда, 2020 жылдың қазан айында 28 жедел жәрдем көлігі келсе, қараша айында 18 көлікпен толықты.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта өңірде COVID-таксилер жоқ. Оның орнына жедел-жәрдем стансыларының көлігі қызмет етуде. Жедел-жәрдем көлігі шұғыл шақыртуға 12-13 минутта жетеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521