Атырауда жыл соңына дейін 15 мың адамға ревакцинация жасалады

«Бұл туралы аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен отырыста облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев мәлімдеді»,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында өңір басшысы жағдайдың әлі қалыпты емесін, сондықтан вакцинация мен мониторингтік топтардың жұмысын жандандыру қажет екенін тапсырды.

«Әлемде коронавирус инфекциясының жаңа штаммы «Омикрон» таралуда. Қазір көрші Ресей Федерациясында екі адамнан анықталған. Жаңа штаммның өңірге таралмауын алдың алу мақсатында жұмыстар істелуде. Солардың бірі – облыс тұрғындарын вакцинация және ревакцинациямен қамту. Аталған бағытта жұмыс күшейтілді» деген облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев қазіргі таңдағы көрсеткіштерге тоқталды.

Оның айтуынша, вакцинаның I компоненті 251 955 адамға, II компоненті 232 772 адамға салынған. Бұл облыс бойынша жалпы екпеге алуға жататын тұрғындардың 68,9% құрап отыр.

«Биыл 31 желтоқсанға дейін 15 000 мың адамға ревакцинация жасалады. Өкінішке қарай, өңірде ревакцинация қарқыны төмен. Бүгінгі таңда 1025 адам қайта екпе алды. Соңғы тәулікте 155 адам ревакцинацияланды. Қазіргі уақытта қайта егу тек Казвак вакцинасымен жүргізілуде»,-деді А.Байдуәлиев.

Сондай-ақ, А.Байдуәлиев облысымызға бірінші және екінші компонент 32760 доза пфайзер вакцинасы жеткізіліп, оның I компоненті 968 адамға салынғанын баяндады.

Еске сала кетейік, пфайзер вакцинасымен 12 мен 18 жас аралығындағы балалар, жүкті және лактация кезіндегі әйелдер қамтылатын болады.

Жиында облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мәдениет Танауов осы жылдың 20 қарашадан бастап тұрақты «жасыл» аймақта екенін мәлімдеді. Оның мәліметінші, соңғы 10 күнінде коронавирус жұқпасының 88 жағдайы тіркелген. Яғни, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 13,3 пайызды құраған, оның ішінде 78,4% симптомды. Ал, осы аралықта науқастардың 54,5% адам көп жиналатын орындардан жұқтырса, 25% қоғамдық көліктен жұқтырғаны анықталған.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов вакциналау және ревакцинация жасау жұмыстары бойынша көрсеткіші төмен аудан басшыларын сынға алды. Халықтың қауіпсіздігі салғырттықты көтермейтінін ескерткен ол жауапты лауазым иелеріне бірқатар тапсырма берді.

«Вакциналау бойынша толық нәтижеге қол жеткізілу қажет. Сонымен қатар, қайта иммундау жұмыстарын жүргізу жөнінде нақты іс-шаралар қабылдансын. Ревакцинация және рfizar вакцинациясын егу қарқынын жоғарлату үшін тиісті жұмыстар ұйымдастырылсын. Оған қоса, мәселені бақылауға алып, мониторингтік топтардың жұмысын күшейтіп, нысандарға кіру тәртібін қалыпқа келтіру қажет»,-деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, ҚР Бас санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, енді ревакцинациялау жұмысы екпенің алғашқы екі дозасын алғандарға 6 ай өткен соң жасалады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521