Атыраудағы ахуал: 21 науқас анықталды

COVID-19 жұқтырған 2 адам - Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері.

Олар 1990 жылы туған ер адам мен 1970 жылы туған әйел адам. Олардан COVID-19 скринигтен өту барысында анықталды. Ал, тағы 10 жағдай Атырау қаласынан тіркелді. Олар 1961, 1963, 1982, 1970, 1973 жылы туған әйел адамдар және 1978, 1981, 1970, 1975, 1957 жылы туған ер адамдар. Олардың біреуі бұрын инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болған, алтауынан скринингтен өту кезінде, ал қалғандары ЖРВИ белгілерінің болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген.

Тағы 6 жағдай Жылыой ауданынан тіркелді. Олардың төртеуі 1969, 1963, 1987, 1980 жылы туған әйел адамдар, ал екеуі 1962, 1982 жылы туған ер адамдар. Барлығы денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке жүгінген. Сондай-ақ 3 жағдай Индер ауданының 1970, 1982, 1981 жылы туған тұрғындарынан тіркелді. Олардың екеуінен скринингтен өту кезінде анықталса, біреуі вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

17.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1362 адам анықталды. Жазылып шыққандар саны - 1000.

Cурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521