Aтыраудағы кардиоорталықтан 600-ден астам науқас коронавирустан емделді

Пандемия кезінде Атырау облыстық кардиоорталықтан алты жүзден астам коронавирус жұқтырған науқас емделіп шықты.

Атырау өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте облыстық кардиоорталық директорының орынбасары Сандуғаш Жұмағалиева осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Сандуғаш Жұмағалиеваның айтуынша, пандемия басталған тұста кардиоорталықта 12 орындық провизорлық стационар қызмет етті.

«Пандемия өршіген маусым айында қызметімізді эпидемиологиялық жағдайға негіздеп, дәрігерлер құрамы түгелдей жұмылдырылды. Бүгінгі күнге дейін коронавирус жұқтырған 600-ден астам науқасты емдеп шығардық» деді облыстық кардиоорталық директорының орынбасары Сандуғаш Жұмағалиева.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521