banner_damu

Атыраудың медициналық орындарында 4 оттегі стансысы​ іске қосылды

«Тағы осындай 5 стансы жыл аяғына дейін қолданысқа беріледі» деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметі Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нина Оспановаға сілтеме жасап.

«Облыс бойынша 9 оттегі станcысын жасақтау жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда 4 оттегі стансысы пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, облыстың медициналық ұйымдары 27 рентген, 4 МРТ, 12 компьютерлік томография аппараттарымен қамтамасыз етілді. Мұның барлығы коронавирус инфекциясына және коронавирустық пневмонияға шалдыққан науқастарға ем көрсетуде қажетті жабдықтар» деп атап өтті Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нина Оспанова.

Еске сала кетелік, бүгінгі таңда облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдары пандемия кезінде қажетті ем-шара жасауға арналған дәрі-дәрмектің 2 айлық қорымен қамтамасыз етілді. Және Атырау облысы әкімінің тікелей қолдауымен, дәріханаларды қамтамасыз ету мақсатында коронавирус инфекциясын емдеуге арналған дәрілік заттардың 42 аталым бойынша қоры жасақталып отыр.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Яндекс.Метрика