Атырауға Египеттен ұшып келген 34 жолаушыдан коронавирус анықталмады

«21 желтоқсан күні Атырауға Шарм-эль-шейх қаласынан ПТР сынамасы жоқ 34 жолаушы ұшып келді» деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта барлық жолаушыдан коронавирус жұқпасына сынама алынды. Зерттеу нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетіп, олардан қауіпті инфекция анықталмағандықтан үйлеріне жіберілді.

aue22

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 21 желтоқсан күні өңірге Египеттің Шарм-эль-шейх қаласынан барлығы 150 жолаушы ұшып келген.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауға 14 - 21 желтоқсан аралығында «Амстердам-Атырау» бағытында бірінші кезекте 91, кейін 52 жолаушы келген еді. Оның 2-інде COVID-19-ға ПТР-тест қорытындысы болмағандықтан карантиндік стационарға жатқызылды. Олардың ПТР сынамасы қорытындысында COVID-19 жұқпасы анықталған жоқ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521