Атырауға шеттен келген 64 жолаушының ПТР тест қорытындысы болмаған

«Атырауға шетелден келген жолаушылардың ешқайсысынан​ ​ COVID-19 анықталған жоқ» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.​ ​

20shet10

Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің мәліметінше, Атырауға 10-19 қазан аралығында шетелден 5 әуе рейісі ұшып келген. Халықаралық әуе рейспен​ ​ барлығы 523 адам келді. Олардың 64-інде COVID-19-ға ПТР-тест қорытындысы болмағандықтан карантиндік стационарларға жатқызылды.​

20shetel

Алайда, барлық жолаушылардан коронавирус жұқпасына сынама алынып, зерттеу нәтижелері теріс болып, ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталмағандықтан үйлеріне жіберілді.​ ​

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT