Атырауға "Спутник V" вакцинасының 3600 дозасы келді

"Жаңада жеткізілген вакциналар жабық әлеуметтік мекемелердің студенттері мен қызметкерлеріне арналған" деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

"Спутник V" вакцинасының 3600 дозасы Ақтөбе фармацевтикалық хабынан 2 сәуір күні таңертең жеткізілді. Оны Атырау облысындағы 22 егу пунктіне бөлу жоспарлануда.

whatsapp-image-2021-04-02-at-10_33_55

Вакциналардың жаңа партиясы жабық әлеуметтік мекемелердің студенттері мен қызметкерлеріне арналған. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған азаматтардың сегіз басым санаты бойынша халықты да вакцинациялау жалғасады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда "Спутник V" екпесінің бірінші компонентімен өңірдің 3600 тұрғыны, екінші компонентімен 1556 адам егілді.

- Соңғы тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинаның II компонентін 311 адам алды. Оның ішінде 8 мемлекеттік қызметші, 60 медицина қызметкері және 243 педагог бар, - деп нақтылады Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521