Атырауға тағы да тапшы дәрі-дәрмек жеткізілді

Атырауға қажет дәрі-дәрмек тағы жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Медициналық препараттардың 470 түрі Алматыдан әкелінген. Айта кетейік, өткен аптаның аяғында ғана керекті дәрілік өнімдердің мұнайлы өңірге жеткенін айтқан едік. Алайда дәрі-дәрмек тапшылығы әлі де байқалады. Дәріханалардың алдында бұрынғыдай ұзын-сонар кезек. Десе де, өңірде дәрі тапшылығын болдырмау мақсатында алдағы аптада тағы да коронавирусқа қарсы медициналық препараттар жеткізілмек.

Светлана Липатова, фармацевтикалық компанияның директоры:

– Біз жұма күні тағы да дәрі-дәрмек күтіп отырмыз. Енді келетін медициналық препараттар коронавирусқа қарсы дәрілік өнімдер болмақ. Бүгін келген дәрі-дәрмектерді ертең қаладағы дәріханаларға апаруды жоспарлап отырмыз. Ал аудандарға кесте бойынша сәрсенбі, бейсенбі, жұма күндері жеткізіледі.

24.kz

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521