Атырауға Vero Cell вакцинасының 10 мың дозасы жеткізілді

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, бүгін, 16 тамызда өңірдегі фармацевтикалық қоймаға жеткізілген Vero Cell вакцинасының алғашқы партиясы 10 мың дозаны құрайды. Вакцинаның 5 мың дозасы I компонентке, 5 мың дозасы II компонентке арналған.

«Қазір Қытай вакцинасын аймақтағы егу бекеттеріне бөлу жүріп жатыр. Vero Cell вакцинасын 17 тамыздан бастап салдыруға болады. Вакцинаның екі компоненті арасындағы интерваль 21-28 күнді құрайды» дейді Асхан Байдуәлиев.

Қытайлық Vero Cell вакцинасын Атыраудағы 1,2,3,4,5,7-қалалық және Геолог емханасында, сондай-ақ 7 аудандық орталық ауруханада алуға болады.

egemen.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521